«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту

Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
Автор
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері облысымызға жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі медициналықсанитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының медицина қызметкерлері мен штаттан тыс мамандарына ұйымдастырушылықәдістемелік қолдау көрсетті.

Іс-шара аясында саладағы бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, медициналықгенетикалық зерттеулер жүргізу қағидалары, орфандық аурулары бар пациенттерді жүргізу тәртібі, сондай-ақ паллиативтік көмекті ұйымдастыру мен көрсету тетіктері назарға алынды. Кездесу барысында жетекші сарапшылар мазмұнды баяндамалар оқып, тәжірибелік ұсынымдарымен бөлісті. Олардың қатарында ҚР ДСМ штаттан тыс бас медициналық генетигі Гүлшара Абильдинова, ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Майра Бейсен, сондай-ақ балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маман Нұрилә Малтабарова бар.

Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пациенттерді қабылдау сапасын жақсарту және медициналық көмекті ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.

Іс-шара қорытындысында облыстағы МСАК ұйымдары мен денсаулық сақтау басқармасына нақты ұсынымдар беріліп, алдағы жұмысты жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар