Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2025
- 2.1k
Қазақстанның ҚХР-ға экспорты 15,8 млрд долларды құрады. Тиісінше бұл – қазақстандық тауарларға деген жоғары сұранысты және елдің Азия бағытындағы позициясын нығайтуды көрсетеді.
Бір ғана мысал, 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 1,4 млрд долларға жетіп, 10,5%-ға ұлғайды, оның 1,1 млрд доллары қазақстандық экспортқа тиесілі болды. Қазақстан жыл сайын 15-20 млн тонна астық өндіреді, ал қытайлық компаниялар қосылған құны жоғары өнім жасау үшін оны қайта өңдеуге белсенді инвестиция салады. Жарқын мысалдардың бірі - 650 миллион долларлық бидай өңдеу зауытының құрылысы бойынша Dalian hesheng Holding Group" жобасы. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға ғана емес, сонымен қатар өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты өсуі екі елдің стратегиялық әріптестігінің беріктігін растайды.

Сонымен қатар Қытайда Қазақстанның туризм жылы деп жарияланған 2024 жыл екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызды кезең болды.
Қазақстанның туризм жылы ішінде Қытайда ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Осылайша, Қазақстанның қалалары мен өңірлерінің туризм күндері, сондай-ақ Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг және Үрімші қалаларында тақырыптық апталар, Шаньдун және Хэбэй провинцияларында ірі концерттер өткізілді. "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде ҚР Ұлттық музейі қорының экспонаттары ұсынылды. Сонымен қатар, "Жібек жолы" автошерулеріне, "Peking-Paris Motor Challenge" раллиіне және Жібек жолы бойынша мототурға 500-ге жуық адам қатысты.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша ҚХР-дан Қазақстанға қонақтар ағыны 50%-ға өсті, брондалған сапарлар саны бойынша Қазақстан қытайлық туристер арасында танымал елдер тізімінде 40-орыннан 29-орынға көтерілді. 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды, бұл құрылған ынтымақтастықтың қисынды жалғасы болып табылады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Бұл ретте Қазақстан Орталық Азияның Қытаймен визасыз режимге қол жеткізген алғашқы елі болды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапармен келді.
Ұқсас жаңалықтар
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




