«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заманауи станса іске қосылды

Заманауи станса іске қосылды
Автор
Облыста төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерін жаңғырту және жеке құрамға арналған қызмет ету жағдайларын жақсарту жұмыстары жүйелі әрі кезең-кезеңімен жалғасуда.

Жақында Қордай ауданының өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған заманауи толтыру стансасы іске қосылды. Енді газ-түтін қорғаушылардың баллондары тікелей бөлімшенің базасында толтырылатын болды.

Бұл уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бөлімге тұрмыстық техникалар, соның ішінде жазда салқын, қыста жылы температураны қамтамасыз ететін жаңа ауа салқындатқыш сатып алынды.

Бұл аталған шаралар әрдайым дайындықта болуды талап ететін мамандық иелеріне қолайлы, заманауи және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар