
Астананың күн сайын жарқырап жайнауы, ондағы зәулім ғимараттардың көбеюі – қазақстандықтардың баршасын қуантады. Елорданың туған күні елін сүйетін әрбір жанның да мерекесі. Сонымен нақтырақ айтсақ, 1-4 шілде күндері Әулиеата ипподромында аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тағы бір айта кетерлігі, ертең Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында «Жайнай бер, Астанам!» атты концерттік бағдарлама өтпек.
Дәл осы күні Қаратау қаласындағы «Жеңіс» алаңында «Домбыра – ұлттық рух, ұлттық саз, ұлттық музыка» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күні Тұңғыш Президент саябағында «Еңселі Елордам» атты концерттік бағдарлама көрсетілмек. Айтпақшы, ұлттық домбыра күні мерекесі де Елордамыздың туған күнінде аталып өтпек.
«Баласағұн» орталық концерттік залында «Саз серісі – Әбдімомын» атты концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Әр ауданда сан алуан тақырыпта домбыра шертіліп, күй күмбірлейді. Осылайша, Астананың туған күні өңірлерде де кеңінен аталып өтіледі. Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, аллеяларға барып, орталық алаңдардан концерттік бағдарламалар тамашалай алады.
Жұртшылық аудандарда ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқан жаңа нысандар мен қызмет көрсету ұйымдарының қуанышын бірге бөліспек. Елімнің жүрегі Астананың туған күнінде баршамызға құт дарысын!
Ізгі істер мен елеулі іс шаралар көбірек болсын! Астанаға қарап күллі қазақ марқаяды. Астанамыздың гүлденуі – біздің елдің көркеюі. Ол – қазақ халқының береке бірлігінің ұйысқан ортасы. Біздің ұлттық идеологиямыздың ошағы. Кешегі күркіреп күн астында жортқан бабаларымыздың арманы біздің тәуелсіздігіміз болып орындалды. Ал тәуелсіздігіміздің айбары да, айғағы да – Астана.
Өз Отаныңның ордасы қонған осындай қаланың болғаны қазақтың мерейін күннен күнге аспандатпаса, аласартпайтыны анық.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Көзі көрмейтін жандар да көркем әдебиетті көп оқиды
- 10 шілде, 2025
Еңбек адамына деген көзқарас өзгермейді
- 5 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді