1 маусым күні Таразда халықаралық деңгейдегі кәсіпқой бокс кеші өтеді
- author «Ақ жол»
- 30 мамыр, 2025
- 375

Аталған кештің негізгі жекпе-жегі – қазақстандық кәсіпқой боксшы, Әлем чемпионы Ангелина Лукас пен чилилік спортшы Даниэла Асенхо арасындағы IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғау жекпе-жегі болмақ.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы – «ТJ BoxingPromotions» промоутерлік компаниясы. Бокс кешінде Чили, Иран, Индонезия, Түркия, БАӘ, Әзербайжаннан келген кәсіпқой боксшылар қатысады деп жоспарлануда.
Ертең, яғни 31 мамыр күні сағат 14:00-де «MART» сауда - ойын сауық орталығында халықаралық кәсіпқой бокс кеші алдындағы салмақ өлшеу және көз түйістіру (face to face) рәсімі өтеді.
Жекпе-жектер:
- Ali Pour Muhammad (Иран)– King Fahd (Индонезия) (6 раунд)
- Taryel Jafarov (Әзірбайжан)- Sezer Olpak (Түркия) (10 раунд)
- Kubilay Alcu (Түркия)– Ibrahim Aroby (Индонезия) (8 раунд)
- Вайдеман Валерия (Қазақстан)– Әзімбек Мөлдір (Қазақстан) (4 раунд)
- Seymur Isayev (Әзірбайжан)– Susil Barrera (Индонезия) (8 раунд)
- Husain Alshammar (БАӘ)– Rivo Kundimang (Индонезия) (8 раунд)
- Ангелина Лукас (Қазақстан)– Daniela Asenjo (Чили) (10 раунд)
Салмақ өлшеу және көз түйістіру (face to face) рәсімі:
2025 жылдың 31 мамыр күні сағат 14:00-де
Өтетін орны: «MART» сауда - ойын сауық орталығы
IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғау жекпе-жегі:
2025 жылдың 1 маусым күні сағат 19:00-де.
Өтетін орны: Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді