Түрлі сала қызметкерлерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат еткен тимбилдинг ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Іс шараның салтанатты ашылуына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы қатысып, барлық сала өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде өңір басшысы мемлекеттік қызметтің, құқық қорғау саласының және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызын атап өтіп, ауданның дамуы жолында бірлесе еңбек етіп жүрген азаматтарға сәттілік тіледі.
− Бұл шара тек бәсекелестік емес, ең алдымен әріптестік рухты күшейтіп, түрлі салалар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнатуға сеп болады. Мұндай игі бастамалар ұжымдарды жақындастырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді, – деді аудан басшысы Ербол Жұмабекұлы.
Салалық спорттық тимбилдингке аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Супер бөлімдер» командасы, ауылдық округтердің құрамасы және аудандық полиция бөлімі болып, алты команда қатысты. Қатысушылар арқан тарту, мас-рестлинг, қаппен секіру, скакалкамен секіру және орта доппен жарысу секілді қызықты да көңілді ойын түрлері бойынша жарысты.
Барлық команданың ойынға белсене қатысқандарынан ұйымшылдық пен шеберліктері, жеңіске деген құлшыныстары байқалды. Алайда, жарыста жүзден жүйрік ғана алға шығатыны белгілі. Бұл сайыста да шын мықтылар топ жарды, басқалары үшін тәжірибе болды.
Ауданда алғаш рет өткізілген спорттық тимбилдингте аудандық полиция бөлімі І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын аудан әкімі аппаратының тобына бұйырса, ІІІ орынның биігінен «Супер бөлімдер» командасы көрінді.
Достықты дәріптеп, татулықты ту еткен сайыс барысында сергектік пен шаттыққа толы сәттер мол болғанын айтқан жөн. Қатысушылар үшін бұл күн тек жарыс емес, көңілді демалыс, өзара ынтымақтастық пен пікір алмасуға арналған ортақ алаңға айналды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




