Кеш барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жас таланттарды құттықтап, олардың шығармашылығына табыс тіледі. Ол мұндай жобалардың жастарды қолдап, кәсіби дамуына жол ашудағы маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар, «Дәстүрлі ән», «Аспапта орындау», «Вокал» номинациялары бойынша үздік шыққан қатысушыларға арнайы дипломдар мен статуэткаларды табыс етті.
Концерт барысында жоба жеңімпаздары орындаған әндер мен күйлер арнайы «Әулиеата әуендері» атты музыкалық жинаққа топтастырылғаны хабарланды. Бұл жинақ жобаның басты жаңалығы ретінде ұсынылып, жас орындаушылардың шығармашылығын кең көлемде насихаттауға бағытталды.
«Әулиеата әуендері» жобасы биыл сәуір айында басталып, мамыр айында іріктеу кезеңімен жалғасын тапқан болатын. Аталған кезеңге облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан 271 үміткер қатысып, олардың ішінен 63 өнерпаз облыстық кезеңге өтті. Солардың арасынан суырылып шыққан 20 үздік жас өнерпаз гала-концертке жолдама алып, сахна төрінде өнер көрсетті.
Кешті кәсіби жүргізушілер Байжан Абеков пен Жанна Асанқұлова жүргізіп, әрбір туындының авторы мен тарихи маңызын көрерменге таныстырып отырды. К.Ертаевтың «Әулиеата әуендері» атты әні барлық қатысушының бірлескен орындауымен кештің қорытынды туындысына айналды. «Әулиеата әуендері» – өңір жастарының өнерін ұлықтаған, мәдени мұра мен қазіргі шығармашылықты ұштастырған мазмұнды әрі тағылымды кеш болды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




