Жамбыл облысында автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28 миллиард теңге қарастырылған
- author «Ақ жол»
- 30 маусым, 2025
- 1.0k
Айта кетейік, биыл облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге биыл 28 миллиард теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға барлығы 181 жоба іске асырылып, 470,3 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеумен қамтылады деп күтілуде.
Атап айтқанда, Тараз қаласы «Барысхан», «Бұрыл А, Б, В» алқаптарына 17,7 шақырым жол салынады. 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады. 444,6 шақырым жол (62,1 шақырым – облыстық маңызы бар, 50 шақырым – аудандық маңызы бар автожол, 332,5 шақырым – елді мекен көшелері) орта жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек 8 көпір мен 2 жол өткелін салу көзделген. Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 4 миллиард теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады. Бүгінде 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тас жолдардың сапасын бақылаумен қатар, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізуді де іске асырады. Бұдан бөлек мамандар жолдардың көліктік және пайдалану жағдайын анықтау шаралары жүргізеді. Аталған кәсіпорынның облыстық филиалы сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, жолшылар осы жылдың мамыр айында 40 нысанға 53 рет іссапармен шығып, 147 жол-құрылыс материалдарынан сынама алған. Сондай-ақ олар осы кезеңде 103 материалды сынақтан өткізіп, оның ішінде 42-сінен сәйкессіздік барын анықтаған. Ал 61-не оң нәтиже беріліпті.
– Инспекциялық шығу кезінде жалпы 18 ақау анықталып, тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға тиісті ақпарат хат жүзінде ресми жіберілді. Қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған құжаттамасына ведомстволық сараптама жүргізу. Мамыр айында 4 жобаға өтінім қабылданып, сараптама өтуде, – деді Мадияр Айбынұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




