«Мақсат – тек сенбілік өткізу емес, жас буынға үлгі көрсету»
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2025
- 235

Осы аптаның сейсенбісінде облыс жастары Тараз қаласы Астана шағынауданындағы 26 тұрғын үй аумағында «Таза аула» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Табиғатты қорғау, ел аумағындағы елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облысымызда кең көлемде жүзеге асуда. Қаланың тыныс тіршілігіне серпін беріп жүрген жастар қоршаған ортаның жай-күйіне бейжай қарамайтынын осылай дәлелдеп жүр. Олардың мақсаты – тек сенбілік өткізу емес, қоғамға, әсіресе жас буынға үлгі көрсету. Сондықтан мұндай бастамаларға үлес қосу – мен үшін құр міндет емес, жүрек қалауы, – деді белсенді жас М.Мырзатай.
Осындай бағыттағы і-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді. Атап айтқанда, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында және Талас ауданы Қаратау қаласында орталық саябақта «Таза Like» акциясы ұйымдастырылса, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында «Жаз Ата» саябағы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жастар аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар.
Жыл басынан бері платформа арқылы 259 өтінім түскен. Телеграмм ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 106 мың адам және 60 ірі кәсіпорындар мен 400 аса шағын кәсіпорындар қатысты.
Іс-шара аясында 30 тарихи мәдени ескерткіштер, 79,2 мың тұрғын үй аулалары, 2,7 шақырым көше жолдары, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 641,1 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 6,1 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- Бүгін, 02:07
Мәдениет ошағы – ауылдың рухани айнасы
- Бүгін, 02:03
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді