
«Өлеңі – өмірі» тақырыбымен өткен мүшәйра қазақтың сөз өнеріндегі аға буын өкілдерінің шумақтары мен жас толқынның сөз саптауын ұштастыра отырып, әдебиетке жаңа үрдіс қалыптастыруды мақсат етті. Мүшәйра үш бөлімнен құралып, әр кезеңі ақын шығармашылығының белгілі бір тақырыптық аясына арналды.
Алғашқы «Жүрегі жырдан жаралған» кезеңінде қатысушылар туған ел, туған жер мен Меркі топырағынан шыққан тарихи тұлғаларға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Келесі «Қасыңда жүр жақсы адам» атты бөлімде арнау өлеңдер ұсынылды. Соңғы бөлім «Бала – ананың жан жүрегі» деп аталып, лирикалық тақырыптағы нәзік иірімдерге толы шығармалармен оқырман жүрегін тербеді.
Бұл іс-шара тек өлең сайысымен шектелмей, ақынның айтыскер, Меркі мақтанышы болған. Марқұм Өмірбек Қабыловқа арнаған «Жарқылдаған жан аға» атты өлеңі өз нақышымен оқылып, тыңдарман жұртшылықтың сағынышын жеткізді. Бұл туындыны кітапхана жанындағы белсенді оқырмандар – Е.Төлеу, Ә.Отарбаева және К.Қанатбекқызы оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Айтыскердің қызы Әшіркүл Өмірбекова қатысушылар мен кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті. Мүшәйра нәтижесінде бас жүлде Медина Есенәліге бұйырды. Ал, І орынды Бұлбұл Солтанаева жеңіп алса, ІІ орынды Білімжан Сәрсенбай мен Санжар Серік иеленді. ІІІ орынның биігінен Мадина Ернар, Жанайым Құрманби және Томирис Нұржан көрінді.
Әдеби іс-шарада Шырын Мамасерікованың өмірінен деректер айтылып, поэзияға деген құштарлық, өлеңнің берер өнегесі көрсетілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Тау тұлғамен қалай таныстым?
- Бүгін, 10:00
Ақпарат
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- Бүгін, 09:19
Қоғамдық көлік: саны да сапасы да артып келеді
- 17 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді