
Жұлдыз көп Астананың аспанында,
Нұрланам ақ сәулесін шашқанында.
Жайнаған жұлдыздарға көп қарасам,
Сезінем тұрғандай боп қастарында.
Сағынып келген сайын Астанаға,
Сүйсініп көп қараймын аспанына.
Ұқсайды жұлдыздары аруларға,
Сәукеле киіп алған бастарына.
Үлкен боп, үлгі болып басқаларға,
Айналдың жас қаладан бас қалаға.
Мақсатпен, ақ ниетпен келген жанның,
Арманы орындалар Астанада.
Қарасам аспанына Астананың,
Шабытпен айтылады асқақ әнім.
Ат қойып әр жұлдызға әдемілеп,
Қиялмен бәріне гүл ап барамын.
Қашан да ашық мұнда түн қабағы,
Аспаны күндіз тіпті нұрланады.
Елімнің ынтымағын сақтап тұрған,
Ерекше құрметтеймін бұл қаланы.
Аспаны бейбіт тілеп ашылады,
Көбірек ақ шуағы шашылады.
Сезімім сергек болып сонда менің,
Арманым ақ бұлтына асылады.
Аспаны Астананың көрікті ғой,
Арнайды ақ тілегін төгіп бір ой.
Тәңірім халқымыздың пейіліне,
Осындай ашық аспан беріпті ғой.
Аспаны Астананың арайлы екен,
Көрген жан көзін алмай қарайды екен.
Астана аспанынан шыққан арай,
Елімнің бар жеріне тарайды екен.
Күлімдеп күн шықпайды босқа мұнда,
Осында жақсылар да, достарым да.
Көркейту одан сайын Астананы,
Бәрінің болса екен жоспарында!
Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ
ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындар қауіпсіздігі бәрінен жоғары
- 12 шілде, 2025
Үйсіз жүрген жандарға үміт береді
- 12 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді