Акцияның мақсаты – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу және тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Шараға қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен №20 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қатысты. «Ұлы дала» шағынауданының тұрғындарына төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың қалай әрекет ететіні көрсетіліп, тұрмыстық қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Әсіресе терезе мен балкондармен байланысты қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Балаларға үйде абай болудың маңыздылығы айтылып, ата-аналарға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ескертілді. Осы ретте құтқарушылар ата-аналарға жаз мезгілінде балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты қайғылы жағдайлар жиі тіркелетінін айтып, ашық терезелер мен масаға арналған торлар балалар үшін аса қауіпті екенін ескертті.
Мәселен масаға арналған тор баланы ұстап қала алмайды, ол жалған қауіпсіздік сезімін тудырады. Балаларды әсіресе терезесі ашық бөлмелерде ешқашан қараусыз қалдыруға болмайды. Терезеге арнайы бекіткіш немесе құлып орнатып, балалар терезеге шығып кетпеуі үшін жиһазды алыс жерге қойған жөн. Балаларды қорғаңыздар, бір ғана сәттік салғырттық орны толмас қайғы әкелуі мүмкін.
Мұндай іс-шаралардың тұрмыстық жарақаттың алдын алуға және балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




