
Өрттің алдын алып, оны ерте анықтауға басты назар аударылуда. Мәселен «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және геоақпараттық жүйе арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Ведомствоның мәліметінше, орман алқаптарында су төгу құрылғылары бар әуе кемелері кезекшілік атқаруда.
Министрліктің күштері 26 орманшылықта 36 механикаландырылған күзет бекетін құрды. Табиғи өрттердің алдын алудың жаңа моделі өрт санын барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Еліміздің орман-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды. Орманды-дала алқаптары мен демалыс орындарында 8 мыңнан астам бірлескен рейд жүргізілді.
Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 3397 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шаруа қожалықтарына да тиісті нұсқамалар берілуде. Трансшекаралық ынтымақтастық шеңберінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан құтқарушыларымен бірлескен оқу-жаттығулар өтті. Сондай-ақ орман шаруашылығы мекемелерінің қатысуымен 300-ден астам өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Ауыл-аудандарды қорғау деңгейін арттыру мақсатында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске асырылуда.
Жаңа форматта қажетті техникамен, жабдықтармен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген 11 өрт сөндіру бекеті ашылды. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктер құратын өрт сөндіру бекеттері үшін өрт техникасын беруді жүзеге асыруда. Жаз – өрт қаупі жоғары уақыт. Осы кезеңдегі өрттің негізгі себептері – от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер, отты абайсыз пайдалану, шөптер мен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы.
Шағын алау, қоқысты немесе құрғақ шөпті жағу үлкен өртке әкеп соғуы ықтимал. Ал өршіген өртті тоқтату қиын, ол ғимараттарға, көліктерге таралуы, адамның жарақаттануына және өліміне әкелуі мүмкін. Ерлан Аблайұлының айтуынша, республика бойынша өрт қауіпті кезең басталғаннан бері барлығы 261 орман өрті болып, 16 дала өрті мен 1357 жану оқиғасы тіркелген. Қазіргі уақытта елдің бірқатар өңірінде өрт қаупі дәрежесі сақталуда.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мәселен өрт қаупі жоғары кезеңде елді мекендерде, ормандарда, егін жанында от жағуға тыйым салынады. Сіріңке мен темекіні сөндірмей тастауға және шыны заттарды лақтыруға болмайды.
Балаларды қараусыз қалдырмаған жөн және олардың отпен ойнауына жол бермеу маңызды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау керек.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Теңіздей телегей Палым Тілепов
- 12 шілде, 2025
Той жасауға несие беруге тыйым салу керек пе?
- 12 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді