Есімін толық атамауымызды өтінген жас ананың жаңа туған шақалағымен бірге осында түскеніне бір айдың жүзі болыпты. Оның айтуынша, үйдегі енесі күн көрсетпеген. Күйеуі 3 топ мүгедегі. Әйел вахталық режиммен Атырау қаласында жұмыс істеп, айлық жалақысының бәрін енесіне аударып отырған. Сол ақшаға Жаңатас қаласынан пәтер сатып алыпты. Енесі үйді өз атына жазған. Үйінен қуылған, зәбір көрген ана маңдай терімен тапқан ақшасына үйді өз атына қайтара алады ма? Осы мәселе төңірегінде мамандар жауап берді.
Келесі кезекте Зағира Болмысова есімді келіншек жалғыз ұлының ата-әжесін сағынатынын, күйеуінен көптен бері бөлек тұратынын айтып, көмек сұрады. Жолдасы отбасын тастап кеткендіктен, ол амалсыз ата-енесімен бірге тұрудан бас тартыпты. Ұлы ата-әжесін сағынып, күн сайын жылайтын көрінеді.
Бұл орайда құқық қорғау саласының мамандары ажырасқан күнде де баланы әжесіне жіберіп тұру керектігін, туыстық қатынсты үзбеу қажеттігін айтып, кеңес берді. Мемлекеттік сот орындаушы Ермек Кембаев алимент төлемей жалтарып жүрген ерлердің көптігін айтты. Бірақ заң да жыл өткен сайын қатал болып бара жатқанын ескертті. Сот орындаушы болып жұмыс істегеніне 20 жыл болған кәнігі маман алимент төлемегені үшін азаматтардың сотталуы мүмкін екенін айтты.
– Алиментке арыз беру оңай. Өндіру қиын. Оны өз еркімен төлейтін ерлердің саны 40 пайыз. Дегенмен, төлемей жүргендер өте көп. 15 жыл бұрын алимент төлемеген адам аса қудаланбайтын. Ал қазір бір жарым жылға жаза арқалап кетуі бек мүмкін, – дейді сот орындаушы.
Әйел мен бала – қоғамның әрдайым қамқорлығында болуы керек. Қорғансыздың күні – қоғамның мұңы. Бұрында үй ішіндегі ыдысаяқтың сылдыры сыртқа шықпай, іштей шешілетін. Бұл күндері «ұят» сөзінің де қадірі қашып барады. Соңғы уақытта отбасылық жанжал қатыгездікке ұласып, ана мен бала өлімі жиілеп кетті. Дағдарыс орталықтарының көбейгені де содан. Зорлық-зомбылық бір отбасының жеке проблемасы емес, қоғамға ортақ мәселе. Қоғамдағы мұндай кеселмен күрес әрқайсымызға жауапкершілік жүктейді.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




