Сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің іргетасы
Қазіргі таңда құқықтық сауаттылық тек заңгерлерге ғана емес, әрбір азаматқа қажет өмірлік дағдыға айналды. Заңды білу – құқық қорғау органдарынан қорғану емес, керісінше өз құқығыңды қорғаудың ең тиімді жолы. Себебі құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда тәртіп те, әділет те үстем болады.











