«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
Автор
Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалады. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2018 жылғы 1 наурыздағы №17-3 хаттамасына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі Жол картасының» аясында 19 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Жол картасы аясында 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – МКҚ) субсидия беру бағыты бойынша, оның ішінде, 11 МКҚ түрі – «GOSAGRO.KZ», 1 МКҚ түрі «plem. kz» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі, қалған түрлері «Е-лицензиялау» портал арқылы жүзеге асырылады.

Субсидия бағыттары ішінде, егін шаруашылығы саласы бойынша – 5 бағыты субсидияланса, мал шаруашылығында – 1 бағыт, қалған бағыттар агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға (инвестиция, қайта өңдеу т.б.) бағытталған. Субсидиялау қағидаларына сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйе өтінімде көрсетілген мәліметтердің бір бөлігін мемлекеттік деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл жолымен өңдейді, ал мәліметтердің бір бөлігін деректердің толықтығы тұрғысынан тексереді. Өтінімдерде ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін өтініш берушінің өзі жауапты болады.

Субсидия алушылар субсидиялау қағидаларына сәйкес ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растайды және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы белгі жасайды. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау жөніндегі бірыңғай интернет-платформа субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – «gosagro. kz» іске қосылған. Өтінімдерді беру, алу, субсидияларды өңдеу бірыңғай gosagro.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқармада жеке және заңды тұлғаларды қабылдауда кедергісіз және жайлы орын үшін 1-қабатта бейне бақылау арқылы ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар сенім телефоны (45-42-30, 45-55-32) жұмыс жасайды. Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналастырылған. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалар тізілімі көрсетілген. Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында Facebook (https://www.facebook.com/ushtaraz/) және Instagram әлеуметтік желісінде (@ush. zhambyl) парақшаларын ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде.

Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылдан бері жүргізіледі. Ішкі талдаудың нәтижесінде анықталған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен мүдделерін шектейтін кедергілерді болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында ұсыныстар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданады. Бұл ретте, әр субсидия бағыты бойынша қағида талаптарына өзгерістердің енгізілуіне мүмкіндік жасалады.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен басқарма қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіледі. Басқарманың мемлекеттік қызмшілеріне кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайтындығы, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салынатыны, ресми киім үлгісін сақтау, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын ұстану талабы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті тарапынан және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдерімен де жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз-шағымдардың, мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеуі жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жүктелген қызметкерлерге басшылық тарапынан қатаң ескертіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

 

Даниярхан МАХАМБЕТОВ

облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы

Ұқсас жаңалықтар