Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл бюджеттен 13,9 миллиард теңге бөлініп, 24 ауыл мен 9 тұрғын алқапта (Тараз – 5, Шу – 4) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген бюджет қаржысының 11,1 миллиард теңгесі игерілген.
– Бүгінде орталықтандырылған таза ауыз су құбырын жүргізу бойынша 19 елді мекенде және 5 тұрғын алқаптың құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 3 елді мекен мен 4 тұрғын алқаптың құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 2 нысандағы құрылыс көлемі 90 пайызға дейін аяқталып отыр. Жалпы барлық нысандардағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындар 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады, – дейді Ғалым Исақов.
Баспасөз мәслихаты соңында басқарма басшысы Ғалым Исақов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




