«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ауылыма аққу келді

Ауылыма аққу келді
Автор
Ауылыма аққу келді

Жылқы жылы, көктем шықты,

Ауылыма Аққу келіп қоныпты.

Жан-дүниеме бір жылулық келіп тұр,

Бұл құбылыс жүрегімді жылытты.

 

Аппақ Аққу көздің жауын алады,

Адамдарға наздана ма, қарайды.

Өздерінше сылаңдайды сызылып,

Өз өмірі, өздеріне ұнайды.

 

Жүрегімде жыр тұнып тұр,

баурап алып барады,

Даламызда әсем әуен әуелейді, маздайды.

Жаратушым ғажап етіп жаратқан,

 

Сөзім жетпей, тек жүрегім мейірімге сыздайды.

Аққу құсым-айдын көлдің еркесі,

Жібермейді Аққулардың киесі.

Махаббат пен сұлулықтың символы,

Тимеңдерші, Адамдар-ау, тимеңдерші Аққуыма.

Тимеңдерші, бұл ғажайып-бақытымның иесі.

 

Ханымкүл ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

аналар алқасының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар