«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шу ауданында «Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Шу ауданында «Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Aq jol
Бүгін Шу ауданында “Заң және тәртіп” тақырыбында ұйымдастырылған жастармен кездесуге арнайы облыс әкімінің орынбасар Серік Жақсылықұлы қатысты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Қазіргі жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру,заңға құрметті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз қозғалды. 

​Шу ауданы 1931 жылы құрылған-тарихи терең,әлеуметтік маңызы бар зор өңір. Ауданда 1 қала,18 ауылдық округ, 34 ауыл бар. Қазіргі таңда  өңірде  қылмыс деңгейі 9,1 пайызға  төмендеген. Қоғамдық орындарда -50 пайыз, көшелерде-83,3 пайызға төмендеу тіркелді.

Аталған жиынға Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жанаев Бауыржан және  облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасовта қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Сәлемов жастарға арнап сөз сөйлеп, құқықтық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды:

«Бүгінгі буын – ертеңгі елдің тірегі. Әрбір жас заңды білуі, оған құрметпен қарауы – қоғам тұрақтылығының негізі. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан ұрпақ – болашақтың кепілі», – деді Сәлемов.

Ал,полиция департаменті бастығының орынбасары Жанаев Баржан өз баяндамасында жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндады. Облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов жастардың құқықтық білімін күшейту, құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және заңға бағынатын азамат тәрбиелеу жөнінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында Шу аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ғани Қойбағаров пен қалалық жастар орталығының директоры Мақсат Шаймерден арнайы баяндама жасап, аудан көлемінде жүзеге асып жатқан құқықтық жобалар мен жастар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары жөнінде кеңінен айтып өтті.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру бағытындағы бұл жиын — баршамыздың ортақ қауіпсіздігіміз бен әділетті қоғам құру жолындағы жауапкершілігіміздің айқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар