
Жақында «Жамбыл облыстық «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігі облыстық қол теннисі федерациясымен бірлесіп, бір жақсы жобаны жүзеге асыра бастады. Аталған ғимараттың алдында 8 үстел теннисі қойылып, қала тұрғындарының кешкілік тегін ойнауына жол ашылды. Осы бір бастаманың ішіне ардагерлерге деген құрмет, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану секілді құндылықтардың барлығы кіреді.
Бұл ретте облыстық үстел теннисі федерациясы мен «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, қалалық ашық турнир өткізуді ойластырып, өзара келісім жасады. Жарысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды федерация өз мойнына алса, аталған қоғамдық бірлестік жарысқа қатысушылардың тізімін жасау, марапаттау мен сайысты өткізуді өз мойнына алды. Іс-шараның шымылдығы мемлекеттік Әнұранды орындаумен ашылды.
Тараз қалалық ашық турнирді «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков ашып, барша жас спортшыларға сәттілік тіледі. Ол аталған жоба тұрғындардың игілігі үшін екенін айтып, мұндай жарыстар алдағы уақытта да өткізіліп тұратынына басымдық берді. Мұнан соң турнир басталып, қызықты жалғасын тапты. Қалалық ашық турнир додасына облыстық қол теннисі федерациясының аға төрешісі Жәдігер Жалғызбаев төрешілік етті.
Турнирде ұлдар арасында тараздық Данияр Айтжанов чемпион атанса, астаналық Әділет Тілеубердиев екінші, тараздық Арсен Анарбек үшінші жүлдеден көрінді. Қыздар арасында тараздық Аяла Қасдәулет жеңімпаз деп танылса, Аружан Болатхан күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Диеда Файзулла қола жүлдені місе тұтты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тұңғыш: «Ұлттық құрамада ойнау — негізгі арманым»
- 2 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді