- Advertisement -

Қанат Ислам Лос-Анджелесте жұдырықтасады

104

- Advertisement -

Бірінші орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген WBA NABA, WBA intercontinental белбеулерінің иегері Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Американың Лос-Анджелес қаласында өткізетін болды.
Соңғы кездері Қанаттың келесі кездесуінің өтетін орны жиі өзгере бастады. Бұған дейін қазақстандық боксшы Атланта қаласында шаршы алаңға шығатыны хабарланған болатын. Қанаттың нақты кіммен жұдырықтасатыны туралы әзірге ақпарат жоқ. Әйткенмен соңғы деректерге сенсек, қазақ оғланы америкалық Габриэль Росадомен шаршы алаңда бақ сынасуы мүмкін. Росадо осыдан бес жыл бұрын орта салмақ дәрежесіне көтеріліп, Геннадий Головкиннен мерзімінен бұрын ұтылған болатын. Қанаттың алдағы жекпе-жегі 23 маусымға жоспарланған.
Қазақстандық боксшының шаршы алаңға көтерілмегеніне де ұзақ уақыт болды. Соңғы рет ол өткен жылдың тоғызыншы қыркүйегінде Астана төрінде канадалық Брэндон Куктан айласын асырған еді. Белгілі менеджер Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан Қанат алдағы бір-екі жылдың бедерінде әлем чемпионы атануды мақсат етіп отыр. Ниетіне жетсін!

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support