- Advertisement -

ДДСҰ басшысы Еуропаны коронавирустық пандемия эпицентрі деп атады

56

- Advertisement -

COVID-19 пандемиясының эпицентрі Еуропаға ауысты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры, доктор Тедрос Гебрейюс мәлімдеді.

Бүгінгі күні жаңа коронавирустан 5 мың адам қайтыс болды.

Тіркелген жағдайлар саны 130 мыңнан асты. Инфекция әлемнің 123 елінде анықталған.

Бірақ індеттің ошағы Еуропаға көшіп кетті, онда күн сайын жұқтыратындар саны Қытайдағы науқастанып қалған адамдардың санынан асып кетті.

Доктор Тедрос БҰҰ қоры мен Швейцария қайырымдылық қорымен бірлесіп, ДДСҰ-да ынтымақтасу қоры құрылғанын айтып өтті. Қордың қаржысы  ерікті жарналар есебінен толықтырылатынын,  COVID-19-мен күресуге, зерттеуге   жұмсалатындығын айтты.

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support