- Advertisement -

«TURKISTAN OPEN MEDIA»

61

- Advertisement -

Түркістан қаласында «TURKISTAN OPEN MEDIA» тақырыбында форум өтті. Медиафорумға Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев бастаған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы филиалдарының төрағалары, облыстық және қалалық газеттердің бас редакторлары, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері және тағы да басқа құрметті қонақтар қатысты.
Медиафорумда бүгінгі қоғамдағы ақпарат саласындағы ең өзекті деген мәселелер көтерілді. Облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сартбек өз кезегінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру үшін арнайы заң қабылдау қажеттігі туындап отырғандығы және ұлттық мәдениет пен ұлттық тәрбие жайлы пікір білдірді.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің ұйытқы болуымен Тараз қаласында өткен «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форумда жарияланған Үндеуді негізге ала отырып тұшымды ойлар айтты.
Айта кетейік, елді ысырапшылдық пен орынсыз дабырадан ада болуға шақырып, той мен жаназа мәдениетін қалыптастыруға негізделген аталмыш үндеу жалпы жұртшылықтан үлкен қолдау тауып отыр. Осыған айрықша тоқталған Біржан Сартбек үндеудің маңыздылығын жеткізіп, ел игілігін арттыруға бағытталған бастаманың баяндылығын айтып өтті. Өз кезегінде форумға қатысушылар да үндеудің өзектілігіне көңіл бөліп, бастаманы қолдайтындарын білдірді.
Медиафорумда елімізге белгілі жазушылар, журналистер және әлеуметтік желі қолданушылары пікір алмасты.

«Aq jol — Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support