Мейірімді жандардың шуағына бөлендік

Меркі ауданының орталығынан бес шақырым қашықтықта, Ойтал ауылының шетіне орналасқан «Меркі Мейірім» шипажайы таза ауа, жасанды су айдыны, көркем табиғаттың аясында орын тепкен. 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шипажай 100 адамға арналған. Мұнда ем алушыларға барлық жағдай жасалған. Айтайын дегенім, шипажайдың құрылтайшысы Гүлдара Нұрымова, директоры Нұржан Жақсымбетов, бас дәрігері Раймонда Қайрақбаева келушілердің қас-қабағына қарап, емделушілердің сауығып кетуіне жағдай жасап отыр екен. Тіпті, осында ем алған уақыттың ішінде дәрігер Арайлым Кажекова, бас медбике Гүлмира Табишева мен массажист Даниял Лукьянов, медбике Светлана Питовалардың қызметіне риза болдық. Сондай-ақ шипажайда жоғары білікті физиотерапевт, иглорефлексотерапевт, невропотолог, кардиолог, акушер-генеколог дәрігелер жұмыс істейді.
Біз ем алған кезде көрсеткен сапалы да, шынайы қызметтеріне шын риза болдық. Барлық бөлімшелеріндегі қызметтерге көңіл тоярлық. Асхана қызметкерлерінің де қызметі көңілден шықты. Тамақтары дәмді, пейілдері дархан!
Мен жамбылдықтарға осындай шипажайды алыстан іздемей-ақ, Меркінің төрінде орналасқан «Меркі Мейірім» шипажайына барып ем алыңдар дер едім. Мұнда тәніңізді жазатын, денсаулығыңызды түзейтін барлық емнің түрін алаңсыз алуға болады. Шипажай орналасқан елді мекеннің табиғаты да тамаша! Тау бөктері, таза ауа, айнала түгел орман-тоғай, оның үстіне жыл – он екі ай тоқтаусыз жұмыс істейді. Жаттығу залдары да бар. Тіпті, емнен бөлек ақылы қызмет аламын десеңіз де мүмкіндік жасалған.
Бастысы шипажай ұжымы білікті мамандармен толығып, ем алушылардың сұраныстарын қанағаттандырып отыр. Мұнда келсеңіздер еш өкінбейсіздер. Ал шипажай ұжымына көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіңіздер деген тілек айтқым келеді.

Алла жазса, өмір берсе,
Тағы да біз келерміз.
Құшақ жайып қарсы аларсыз,
Мейірім шапағатын көреміз!

Тараз қаласының тұрғындары: Сапарбек Садуов, Гүлсара Садуова, Сабыр Дәулетов,
Тұрсынай Дәулетова.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/