Елордаға жылына 90 миллион текше метр су қажет


Елордаға жылына 90 миллион текше метр су қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов су қоймасында болды, деп хабарлайды elorda.info.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов су қоймасында болды. Бүгін су қоймасының қоры 272 миллион текше метрді құрайды, қалаға жылына 90 миллион текше метр су қажет.

Су қоймасынан су алу екі сорғы станциясымен жүзеге асырылады. Сумен жабдықтауды тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында бірінші сорғы станциясы қайта жаңартылуда: тозған технологиялық жабдықты қазіргі заманғы және энергия тиімді жабдықтарға ауыстыру жүргізілуде. 2017 жылы НФС алаңынан Мұстафин көшесіне дейін 2,5 км, 2018 жылы Железнодорожный елді-мекенінен Мұстафин көшесіне дейін 4,6 км қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 1 көтермелі сорғы станциясынан Железнодорожный елді-мекенінен дейінгі ұзындығы 43,9 км учаскедегі суағардың тармағын қайта құру басталады.

Сорғы-сүзу станциясына келіп түскен табиғи су дезинфекциялаудан және зарарсыздандырудан өтеді. Тұтынушыларға ауыз су беру алдында су сынамасы алынады.

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/