- Advertisement -

Әлем және Азия чемпионы Олжас Сәттібаев Америкаға аттанды

173

- Advertisement -

Тараз бокс мектебінің талантты түлектерінің бірі – Олжас Сәттібаев Америкаға аттанды. Ол онда кәсіпқой рингте бақ сынап көрмек. Әзірге табан тіреген жері – Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласы.
Олжастың ел боксындағы табыстары аз емес. Атап айтсақ, ол – әуесқой бокстан кадеттер арасында әлем чемпионы (Ұлыбритания, Ливерпуль, 2005 жыл), жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Марокко, Агадир, 2006 жыл), Азия чемпионатының ересектер арасында қола жүлдегері (Қытай, Чжухай, 2009 жыл), Азия чемпионы (Тайланд, Бангкок, 2015 жыл), Қазақстанның ересектер арасындағы 3 дүркін чемпионы (Тараз, Қостанай, Тараз, 2008, 2009 және 2014 жылдар), Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағанбетов атындағы халықаралық турнирінің 4 дүркін чемпионы (Алматы, Астана, 2008, 2009, 2011 және 2013 жылдар), ҚР Бокс федерациясы кубогінің жеңімпазы (Астана, 2014 жыл), Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы (Астана,2015 және 2017 жылдар), Қарулы күштер боксшылары (әскерилер) арасындағы әлем чемпионы (Алматы, 2014 жыл).
Сондай-ақ Олжас әлем чемпионатында үш рет (Милан, Баку, Катар, 2009, 2011, 2015 жылдар) өнер көрсеткен, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, облыс әкімдігі тағайындаған жастар сыйлығының иегері, Тараз қаласының 2006 жылғы «Жыл адамы». Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымында «Astana Arlans» командасының капитаны болды.
Жамбыл бокс мектебі даңқының асқақтап, шеберлігінің шыңдалуына елеулі үлес қосқан былғары қолғап шебері Олжас Сәттібаевқа мұхиттың арғы жағындағы Америка елінде де Қазақстанның туын жоғары көтеріп, Әнұранын шырқатып, жеңістен жеңіске жете бер дегіміз келеді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support