- Advertisement -

Белгілі журналист Дүйсенбек Айбеков дүниеден озды

251

- Advertisement -

Белгілі журналист Дүйсенбек Айбеков дүниеден өтті. Айықпас дертпен күрескен қаламгердің келместің қайығына мініп кете барғаны баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр.

Талас ауданының құм жиегіндегі «Кеңес» (бүгінгі Бөлтірік шешен ауылы) кеңшарында өмірге келген ол журналист болсам деген бала арманын ақиқатқа айналдыруда аянбай тер төкті. Дүйсенбек Айбеков еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінен бастап, кейіннен облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол»), Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз», республикалық «Алтын орда» апталығында елеулі еңбек етті. Бүгінге дейін республикалық  «Жас қазақ» газетінің облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген еді.

Дүйсенбек Айбековтің есімі жамбылдықтарға жақсы таныс. Ол әртүрлі мерзімді басылымдарда қызмет ете жүріп,  жаңалықтың жаршысына айналудан бір танған емес. Сонымен қатар, өзінің болмысымен қоғамдағы әділетсіздіктерге қарсы тұрып,  кәсібіне адал журналист болды.

Қарымды қаламгердің қазасына орай отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support