- Advertisement -

Билік Ауғанстанды қолдағанша өз халқының несиесіне неге көмектеспейді

33

- Advertisement -

Абаевтың сөзінше, пикетке шығатындардың бәрі қиын жағдайда жүрген адамдар емес.

Сурет : grosh-blog.ru31 Мамыр 2019, 16:38

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттің ипотекалық несиесін төлей алмай жүрген халыққа көмектесудің орнына Ауғанстанды қолдауға қомақты гуманитарлық қолдау бөлетінін сынайтын кейбір қазақстандықтардың жанайқайына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, мемлекет онсыз да 25 мың ипотекалық несие бойынша 48 млрд теңгенің қарызын кешірген.

– Әрине, мемлекет ипотекалық қарызын өтеуіне көмектесуі тиіс санаттардың бар екені сөзсіз. Бүгінге дейін мемлекет есебінен 25 мыңға жуық ипотекалық несие кәдімгідей қайта қаралды. Олардың жалпы қарыздары 140 млрд теңгені құрады, мемлекет оның 48 млрд теңгесін кешірді. Мұның өзі үлкен көмек деп санаймын. Бірақ енді халықтың несиелерін толығымен кешіре салуды – тым жөнсіз тәжірибе деп санаймын. Ол қарыздар жұрт ойлайтындай мемлекеттік аппаратқа салмақ салмайды, ол салық төлеушілерге жүк болады, – деді Абаев.

Министр айтқандай, көшеде пикетке шығатындардың бәрі мүшкіл жағдайда қалған адамдар емес.

– Біреулер шуды пайдаланып өзінің ипотекалық проблемаларын шешіп алғысы келеді. Біреу қала сыртындағы бір бөлмелі пәтерінің ипотекасын төлей алмай шын қиналып жүрсе, енді біреу қымбат коттеджінің немесе Алматының элиталық ауданындағы 4 бөлмелі пәтерінің ипотекасын кешіре салуды талап етеді, – деді министр.

Ал Ауғанстанға көмек көрсетуді доғарып, ол ақшаны халықтың ипотекасын жауып беруге жұмсау туралы Абаев былай деді.

– Ауғанстанға көмек жасайтын жалғыз Қазақстан ғана емес. Бүгінде ол елдің проблемасына әлемдік қауымдастық алаңдап отыр. Өйткені егер ол елдегі қалыпты өмірді қалпына келтірмесек, онда экстремизм, есірткі трафигі мен радикализм импорты сияқты қауіптер Қазақстанға төнеді. Мысалы, шартты түрдегі Аргентина үшін Кабулдегі жағдайға басын қатырмай-ақ қоюына болады, ал бізге өйтуге болмайды. Ауғанстан мен Қазақстанның арасы небәрі 1 500 шақырым. Қазақстандық жоғары оқу орындарында қазір Ауғанстаннан келген жастар білім алуда. Олар ертең отанына оралған соң мемлекеттік аппаратта, мектеп пен ауруханада жұмыс істеп, өз елін көркейтуге тырысады. Бірақ ол балалар үшін қашан да қаптаған террорлық ұйымдардың біріне кіріп алатын баламалы жол болған. Құдай бетін ары қылсын, егер террористер лагерлерінде дайындықтан өткен содырлар біздің шекарамызға тым жақын келсе, миллиондар түгілі азаматтарымыздың өмірін аман алып қалудің өзі мұң болады. Біз оған жол бермеуіміз керек, – деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support