«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ІТ мамандығына қызығатын жастарға бағыт-бағдар береді

ІТ мамандығына қызығатын жастарға бағыт-бағдар береді
Ашық дереккөз
Үздіксіз ізденіспен үлкен нәтиже берген ғылыми жетістіктің бірі ретінде цифрландыру ісін атасақ жөн болар. Бүгінде көптеген жұмысты жеңілдетіп, адами фактормен жол берілетін заңсыздықтардың жолын кескен цифрландыру тіршілікке қажетті барлық іске оңтайлылық беріп отыр. Ғылымның бұл жемісі болашақта табиғи байлықты сақтап, тұрмыстық қажеттілікке үнемді пайдалануға да мүмкіндік бермек. Ол қазіргі цифрландырудың қарқынды дамуынан байқалып отыр.

Өңірімізде ІТ мамандығына қызығушылығы бар жастарды цифрландыру ісіне баулып, табысқа жетуіне жол көрсететін ІТ хаб екі жылдан бері жұмыс істейді. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты облыс әкімдігімен және «Astana Hub» халықаралық технопаркімен бірлесіп, институт аумағында өңірлік ІТ хабты іске асыру жөніндегі міндеттерді қамтитын ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойған. Нәтижесінде, 2023 жылдың ақпан айында Институт аумағында «ZhambylHub» құрылған болатын.

– «ZhambylHub» өңірлік IT-хабының басты міндеті – өңірдегі перспективалы стартап жобаларды қолдау. «Astana Hub»-пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында «инкубация» және «акселерация» бағдарламалары арқылы жобаларды бизнес-инкубациялау, сондай-ақ оларды «Astana Hub» аумағында одан әрі сүйемелдеу мүмкіндігі пайда болды. Биыл 22-ден астам іс-шаралар өткізілді. Өткен сәуір айында «Astana Hub» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының Жамбыл облысы бойынша «Zhambyl Hub» өңірлік филиалы заңды түрде «Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының филиалы» болып тіркелді. Биыл 29 қаңтарда Zhambyl Hub және Jambyl Innovation High College ұйымдастырған Speaker Talk іс-шарасы өтті. Ал 11 ақпанда «INNOVATE TARAZ: IT, TOURISM & EDUCATION» хакатоны ұйымдастырылды. Жамбыл Инновациялық жоғары колледжінде 2025 жылға дамыту жөніндегі Жол Картасы бекітілді. Жол Картаға сәйкес, 2025 жылғы іс-шараларға демеушілер есебінен қаражат қарастыру, бірнеше іс-шараларды, атап айтсақ, Innovate Taraz hackathon, Рizza pitch, Іdea battle воркшоптар, стартаптарды ілгерілету бойынша инкубациялық жұмыстарды өткізу, барлық іс-шаралар үшін мерчтер сатып алу, маркетингтік қызметтер және өзге де тармақтары қарастырылған. Өткен мамыр айында Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының филиалы мен Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Innovation» атты республикалық хакатоны өтті, – дейді облыс әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Шалхар Амантұров.

Барлық салаға еніп келе жатқан және тиімділігін дәлелдеп отырған цифрландырудың қарқынды ілгерілеуін ғылыми техникалық революция деп қарасақ, адамзат өте жақын уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізері анық.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА.

Ұқсас жаңалықтар