
Облыста қолға алынған бұл ауқымды жоба облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру. Осы жоба аясында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі ретінде Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы кітап оқу» тақырыбында Арғынбай Бекбосынның шығармаларын насихаттап, түрлі іс-шаралар өткізілгенін айтуға болады.
Әр бірлестік Арғынбай Бекбосынның шығармаларынан әдеби сазды кеш, интеллектуалды сайыс, оқырмандар конференциясын, портреттік кеш, достық қонақ алаңы, әдеби круиз, пресс үстел, этнографиялық калейдоскоп, толеранттық кеш, сахналық қойылым қойды. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында сыныптар арасында да поэзия кештері, танымдық сағат, естелік сағаты, әдеби альманах, интеллектуалды сайыс, дөңгелек үстел, шығармашылық кеш өткізілді.
Іс-шара соңында Арғынбай Бекбосынның шығармашылығын қорытындылап, осы жобаға белсене атсалысқан мұғалімдер мен оқушылар «Ең үздік бірлестік», «Үздік бірлестік», «Үздік мұғалім», «Үздік сынып», «Үздік оқырман» номинацияларымен марапатталды.
Атап айтар болсақ, «Ең үздік бірлестік» номинациясымен «Бастауыш сынып және МАД пәндер бірлестігі» жетекшілері Динара Ниетбекова мен Гүлназ Ахатаева, «Үздік бірлестік» номинациясымен Шет тілдер пән бірлестігінің жетекшісі Әйгерім Махашева, «Үздік мұғалім» номинациясымен Рысты Сәрсенбай, Эльмира Тойжанова, Бекболат Жекешов, Әділет Әбдуайыт, Назерке Малхарова, Сағадат Құлбаева, Шынар Мамбетова, Мақпал Тоғайбаева, Айбол Берген, «Үздік сынып» номинациясымен Ақмарал Мырзахмет, Мөлдір Бекмаханбетова, Ақмарал Нөгербекова, Нүркен Қосбаев, Елік Омар марапатталды.
Бұл іс-шара өңірдің рухани дамуына серпін беріп, кітап оқу мәдениетін нығайтуға зор үлес қосқаны анық.
Бота САПЕЕВА,
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназияның кітапханашысы.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Той жасауға несие беруге тыйым салу керек пе?
- 12 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді