Жас өнертапқыштарды бұл жобаға жетелеген мемлекетіміздің сейсмикалық белсенді аймақта орналасуы болса керек. Олар өздерінің тың жобасын «Ауа жастықшасын пайдалана отырып, ақылды үйді басқарудың зияткерлік жүйесін әзірлеу» деп атаған. Кәусар мен Назеркенің жобасы ғимараттың негізіне орнатылған арнайы ауа жастықшалары арқылы жер сілкінісі кезінде үйлердің зақымдануын барынша азайтуды мақсат етеді. Ерекшелігі – жастықшаның автоматты түрде үрленіп, үйлердің іргетасын 3 сантиметрге көтеруінде. Сол арқылы тербеліс күші төмендеп, ғимараттардың бұзылу қаупі азаяды. Бұл идея жапондық қауіпсіздік технологияларынан туғанымен, елімізде алғаш рет ұсынылып отыр. Ғылыми ізденіске құмар оқушылар қолжетімді және тиімді қауіпсіздік жүйесін жасауды көздеген.
«Қазір нарықта мұндай технологиялар бар, бірақ өте қымбат», – дейді олар.
Ізденімпаз қыздар қымбат технологияларды қарапайым халыққа қолжетімді етуді ойластырған. Жобаны әз ірлеу барысында оқушылар Arduino платформасын пайдаланып, компрессор арқылы жұмыс істейтін жүйені құрастырған. Жер қыртысының қозғалысын анықтайтын сенсор сигнал берген кезде, жүйе іске қосылып, ауа жастықшалары үрлене бастайды. Жер сілкінісі аяқталған соң, жастықшалар қайтадан бастапқы қалпына келеді. Бұл жоба тек теория жүзінде емес, тәжірибелік макет түрінде де жасалған.
Оқушылар қолжетімді материалдардан құрылғының шағын үлгісін жасап, оның тиімділігін де сынақтан өткізген. Ғылыми зерттеу нәтижесінде тиімді іске қол жеткізген қыздар бұл жұмысты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Келешекте жүйеге қосымша сенсорлар қосып, мобильді қосымша арқылы бақылау мүмкіндігін енгізуді ойластыруда. Олардың бұл жобасы – инновациялық ойлаудың және ғылымға деген қызығушылықтың айқын дәлелі.
Егер жүйе әрі қарай дамып, өндірістік деңгейге шығарылса, ол Қазақстандағы жер сілкіністерінен қорғанудың жаңа мүмкіндігіне айналуы мүмкін. Ал жастардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығы болашақта көптеген өзекті мәселелерді шешуге көмектесері анық.
Қамар ҚАРАСАЕВА.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




