
Бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі жандар күні атап өтіледі. Бүгінде облыста ерекше қажеттіліктері бар 45 682 мыңнан астам адам тұрады. Кеше арнайы құрылған топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге «Фиркан 24», «Дәмді себет» азық түлік дүкендер желісін, «Садыхан» дәріханасын және «Форте Банк», «Каспи Банк» ғимараттарын аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайларды көрді. Бірақ көзбен көргендері көңілден шықпады. Себебі инво такси секілді көлік қоятын тұрақ та жоқ, кіре берісте пандус та жоқ. Сыртқы есік те, әжетхана да ерекше қажеттілігі бар жандардың жүріп-тұруына бейімделмеген. Дүкендердің ішінде, кассаларда, сөрелердің маңында арнайы белгілер жоқ.
– Өкінішке қарай еш талапқа сай емес. «Алатау»шағынауданындағы дүкендер желілерін аралап шықтық. Зағип жандардың да кіріп-шығуы үшін еш жағдай жасалмапты. Иелеріне кіріп, жағдайды түсіндірейік, кеңес берейік десек, көбіне жеке кәсіпкерлер түсінбей жатады. Және орынды жалға алып отырғандықтарын желеу етеді. «Sulpak» электроника дүкендер желісіне де кіріп-шықтық. Ерекше жандар тұрмақ, сау адамның кіріп- шығуына да қолайсыз баспалдық орналасқан екен. Бір жақсысы айтылған ұсынысты «Дәмді себет» пен «Sulpak» иелері бас шұлғи тыңдап, жақын арада кемшілікті түзеп, жөндейтіндіктерін айтып жатыр, ал «Фиркан» дүкендер желісі мүлде тыңдауға құқық танытпай, ішке кіргізуге де қарсы болды, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты әрі «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Бексұлтанова.
«Алатау» шағынауданында орналасқан «Береке банктің» ғана пандустары, арбамен жүру жолағы, шақыру белгісі, касса алдындағы орын, тіпті арнайы мүгедек жандарға арналған әжетханасы бар болып шықты. Байқағанымыздай үлкен сауда орындары алдындағы пандус, көлік тұрағы мәселелері ешбір жерде шешілмеген. Көбісі талапқа сай емес. Дүкен басшыларына заң бойынша жасалуы тиіс шаралар түсіндірілді.
– Сөз жүзінде кедергісіз орта қалыптасырамыз деп айту әрине оңай, іс жүзінде тексергенде өздеріңіз көргендей көңіліміз қобалжып қалады. Бөгетсіз орта дегеніміздің өзі оңай әрі қауіпсіз ортаны жалпыға бірдей қамтамасыз ететін аймақ. Басында мүгедектігі жоқ адам ерекше жанның жағдайын қалайша түсінсін?! Оларды қоғамнан оқшауламау керек. Олар да қоғамның толыққанды мүшесі. Керек тауарын, азық-түлік, дәрісін дүкенге, дәріханаға барып, өзі емін-еркін алу керек. Бірақ оған мемлекеттік емес ұйымдарда жағдай жасалмаған, – дейді қалалық мәслихаттың депутаты Айгерім Дәулетбаева.
Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат жүзеге асырылуда. Айтылған сын, ескертпе, кеңестер алдағы уақытта ескеріледі деген сенімдеміз.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Теңіздей телегей Палым Тілепов
- 12 шілде, 2025
Той жасауға несие беруге тыйым салу керек пе?
- 12 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді