Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті. Акцияға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының “Адай” күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұрамызға деген құрметін көрсетті.
"Домбыра үні халықтың жүрегіне жол тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл — полиция қызметкерлерінің заң мен тәртіп қана емес, ұлттың рухани болмысына да жақын екенін білдіретін жарқын белгі", – дейді ерекше форматтағы іс-шараны ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




