Аталған бағытта негізгі жаңалықтардың бірі жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелерін пайдаланудың кеңеюі болды. Биыл 25 мың жүйе пайдалануға беріліп, саладағы инновациялық әлеует өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артқан. Бұл жолдардағы бақылау тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар бейнебақылау камераларының арқасында елімізде 1,2 мыңнан астам қылмыс анықталған. Әкімшілік істер бойынша биылғы жылдың алғашқы айларында 1,7 миллион ұйғарым ресімделіп, өткен жылмен салыстырғанда жалпы үлестің үштен біріне көбейген. Соның нәтижесінде биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылар оң динамиканы көрсетуде. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 10,9 пайызға, ал ауыр қылмыстар саны 10 пайызға төмендеген.
Бұл көрсеткіштер бақылауды күшейту және қоғамды тарту шаралары нақты нәтижелер беретінін және көшелер мен жолдарды қауіпсіз етуге мүмкіндік жасайтынын көрсетіп отыр. Ал облыс орталығында бұл бағытта 2022-2023 жылдары «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 1250 бейнебақылау камерасы және «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешенінің 48 бекеті орнатылған.
Сонымен қатар, облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығында 10 операторға арналған жұмыс орны ашылған. Ал биыл қосымша келісім жобасына сәйкес барлығы 96 аппараттық-бағдарламалық кешен, 800 жалпы бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда. Оның ішінде 50-і айналмалы болса, қалған 750-і тұрақты бейнебақылау камералары.
Нұрболат АМАНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




