- Advertisement -

Мадияр Әшкеев карьерасында тұңғыш рет титул иегері атанды

50

- Advertisement -

Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0-0 (6 KO’s ) бірінші орта салмақта WBC белбеулерінің жүйесіне енетін NABF Junior чемпионы титулын иеленді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әшкеевтің қарсыласы америкалық Сесил Маккалла болған. Жекпе-жек АҚШ-тың Тусон қаласындағы (Аризона штаты) бокс кешінде өтті.

Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл — Мадияр Әшкеевтің карьерасындағы алғашқы белбеу.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Барлығыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!», — деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Мадияр Әшкеев осы жекпе-жегінен соң кәсіпқой бокстағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Оның алтауын нокаутпен аяқтаған. Боксшы кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеді.

 

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support