- Advertisement -

Әли Ахмедов Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді 

30

- Advertisement -

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы ретте BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи жеңіліп көрмеген Әли Ахмедовке қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Әли Ахмедов америкалық Абрахам Ханмен жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

«Әли Ахмедовтің бірнеше кездесуін көрдім, ол онда нокауттармен жеңіске жеткен болатын. Өте қарапайым жігіт, нағыз шоу жасай алады. (…) Ханды нашар боксшы деп санамаймын. Ол да мықты қарсыластармен жұдырықтасты, бірақ Ахмедовтің деңгейі басқа. Ол болашақ чемпион. Ол мерзімінен бұрын жеңіске жетуі мүмкін деп ойлаймын», — деді Гемичи.

Геннадий Головкиннің жаңа бапкермен жаттығу өткізіп жатқан видеосы жарияланды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support