Жамбылда

=тараз

Қалада ұзындығы 5 шақырым көше бойына 205 бағана мен жарық қондырғысы орнатылған. Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есеге үнемделеді. Қазір Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр.

=байзақ

«Көгілдір отыны» жоқ 21 елді мекенге газ құбырын тарту жұмыстарының ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Яғни 2081 үй көп ұзамай газбен қамтылады. Ал 3 ауылдың 351 тұрғыны өз қаражаттарына газ тартуға кірісіп кетті.

=Сарысу

Аудан аумағындағы фосфор рудасының қоры 13 миллиард тонна екендігі анықталды. Ал Қаратау тау-кен өндіру кешені жұмыс істеген 72 жылда соның 280 миллион тоннасы ғана қазылыпты.

=жамбыл

Шайқорық ауылын Тараз қаласымен жалғайтын жол қайта салынды. 22 миллион 46 мың теңге жұмсалған құрылыстың нәтижесінде ауыл мен қала қашықтығы 2 шақырымға қысқарды.

=талас

Қаратау қаласында «Елдана» және «Асыл kids» атты 50 орындық екі жекеменшік балабақша ашылып, бүлдіршіндерді қабылдай бастады.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/