- Advertisement -

Өтірік өлеңдер

806

- Advertisement -

Сан рет өзім де,
Көрдім ғой көзіммен.
Қайықтың ұшқанын,
Қамытын тышқанның.
Пойыздың жүзгенін,
Тасқа ине кіргенін.
Шортанды жүгірген,
Сақалды сиырды,
Сандалды суырды.
* * *
Сүтін сауып торғайдың,
Жетім тайды өсірдім.
Аққу жегіп арбаға,
Бүкіл елді көшірдім.
Инеменен жер қазып,
Су шығардым шөл жерге.
Ақ тауыққа мініп ап,
Айға жеттім зымырап.
Екпінінен тауықтың,
Кетті бұлттар ыдырап.
Елекпенен құм тасып,
Бөгет салдым көлдерге.

Әділет Сүйінішқали,
оқушы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support