- Advertisement -

Жамбыл облысында екі жаңа COVID-19 оқиғасы анықталды

22

- Advertisement -

2020 жылдың 17 мамырында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жаңа оқиғасы анықталды.

Инфекция Түркістан облысының 1995 жылы туған тұрғынынан табылды. Ол алыс қашықтыққа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс жасайды. 11 мамыр күні Ресей Федерациясынан Қазақстанға оралған кезде Павлодар облысындағы шекара бекетінде КВИ-ға тексеріліп, теріс нәтиже көрсеткен.

14 мамырда ол Жамбыл облысы Қарасу шекара бекеті арқылы Қырғыз Республикасына қарай шыққан. Кері қайту кезінде одан Қырғыз Республикасының мемсанэпидқадағалау мамандары алған талдау оң нәтиже көрсеткен. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді.

Екінші науқас – Байзақ ауданының 1973 жылы туған тұрғыны. Ол нысаналы топтағы тұлға ретінде тексеруден өтіп, ауру расталған. Науқас өзінің ешқайда шықпағаның айтқан.

Жаңа жағдайлар бойынша байланыста болғандар анықталып, карантиндік стационарға оқшауланды. Ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 18 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 205 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 25, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында — 45, Меркі ауданында — 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 22 оқиға анықталған.

Барлық індет жұқтырғандардың 135-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылған.

zhambyl.gov.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support