Спорттық акробатикадан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы спорттық акробатикадан әлем чемпионатының өтетін уақытын белгіледі. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Аталған дүниежүзілік біріншілік 2021 жылдың 18-20 маусым күндері Женевада (Швейцария) өтеді деп жоспарлануда.

Жылдың маңызды додасы биыл 20-31 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда Швейцарияда бұқаралық шараларды өткізу мүскін болмағандықтан жарыс кейінге шегерілді.

Сондай-ақ 2022 жылы Әзербайжан астанасы Бакуде, 2024 жылы Израильдегі Холонда әлемдік біріншілік өтуі мүмкін.

 

egemen.kz

Comments are closed.