- Advertisement -

«Құлан-Дән» құрылтайшыларының бастамасы

104

- Advertisement -

Карантиндік жағдайда «Құлан-Дән» несие серіктестігінің құрылтайшылары «Мейірім» қоры арқылы ауданда тұратын 210 отбасына көмек көрсетті. Олар жалпы құны 3 миллион теңгенің азық-түлік пакетін аз қамтылған, көп балалы аналардың отбасыларына бөліп таратты. Бұл қайырымды істің ұйымдастырушылары болып серіктестіктің құрылтайшылары Сырғатай Махамбетов, Санат Қырықбаев, Бейсембай Таңбаев табылады.
Біз «Құлан-Дән» серіктестігінің бас директоы Рахманалы Әбдіқадырұлын сөзге тартқан едік.
– Бұл өзі көптен бері көкейде жүрген іс еді. Құрылтайшылармен кеңесе келіп барлығы 3 миллион теңгенің азық-түлік пакетін дивиденттері есебінен 210 отбасына беруді ұйғардық. Дәлірек айтқанда, көмекке зәру деген отбасыларға бір қап ұн, бес килограмм макорон өнімдерін, 20 килограмм құмшекер, 4 литр өсімдік майы мен шәй тараттық. Бұдан бөлек, көрші аудан азаматтарына 2 миллион 700 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, Байзақ ауданындағы 40 отбасына да осындай азық-түлік пакеті таратылды, – деді ол.
Серіктестік бұдан бұрын 425 құрылтайшысына 3 миллиард 500 миллион теңге несие берген екен. Серіктестіктің қолдауының арқасында диқандар жаңа техника алып, шаруашылықтарын алға бастыруда. Ал мынау қайырымдылық іс-шарасын құрылтайшылардың үлкен жомарттығының белгісі деп білген жөн.
Азық-түлік пакеттерін таратуға аудандық «Жас Отан» жастар қанаты мен еріктілер қолдау көрсетті. Құлан ауылында пәтер жалдап тұратын төрт баланың анасы Назгүл Әлімбекова бұл іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Сейсен ҚОЖЕКЕ,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support