- Advertisement -

Сәбиге жарасымды ат қоя білеміз бе?

151

- Advertisement -

Қазекем өз отбасында дүниеге сәби келгенде қуанышқа кенеліп, оған лайықты есім беруге үлкендерден рұқсат сұраған. Ал қазіргі жастар олармен ақылдаспай-ақ қайдағы жоқ шетелдік мән-мағынасы жоқ кейіпкерлерінің есімдерін қоя салады және соған қамал алғандай мәз. Сонда «үлкенге құрмет», «көпті көргеннен сұра» деген қағидалар қайда қалды?!
Ата-бабаларымыз өз ұрпағына ұлтымыздың ерекшелігіне, болмысына, әлеуметтік, этномәдени сипатына қарай ат қоюға тырысатын. Абай «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, аузы дуалы ақын-жыраулардың есімдерін ырымдап қойсақ қандай жарасар еді, шіркін. Бүгінгі жастарымыз дүние есігін ашқалы тұрған сәбилеріне шетелдік сайқымазақ, мән-мағынасыз фильмдердегі, бітпейтін сериалдардағы есімдерді беруге бейіл. Оларды естудің өзі құлаққа түрпідей тиеді: Ананди, Сиви, Киви, Афелия, Жанеля…
Сондықтан нәрестеге ат қоярда ойланып-толғанып шешім қабылдасақ игі. Әйтеуір кейін уақытынан қолымызды кеш сермеп, ұрпағымыздың не қазақ, не түрік, не кәріс, не неміс екенін түсінбей, опық жеп жүрмейік. Одан да ат қоярда халқымызға еңбегі сіңген, елімізді әлемге танытқан тарихи тұлғалардың, батыр бабалардың есімдерін беруге талпынғанымыз абзал. Өз ұлтымызға тән, бояуы қанық қазақи ныспы жеткілікті ғой. Қысқасы, атына заты сай болатын азамат пен азаматша өсіреміз десек, оны төл тарихымыздан, салт-дәстүрімізден іздейік.

Жақсылық МАМЫРБЕКҰЛЫ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support