- Advertisement -

Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

22

- Advertisement -

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында — 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support