- Advertisement -

Әбілхан Аманқұл Олимпиадаға барады

60

- Advertisement -

Сүйінші, ағайын!
Жамбыл бокс мектебінің түлегі сенімді ақтады. Талантты боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасына қатысатын жолдаманы жеңіп алды.
Әуесқой бокстан Иордания астанасы Амман қаласында жалауы желбіреген Азия және мұхит жағалауы елдері арасындағы Олимпиада ойындарына іріктеу жарысында қазақстандық боксшылар жасындай жарқырап, бірінен соң бірі жолдама иеленіп жатыр. Олардың қатарында жамбылдық жампоз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл да бар.
Амман төрінде керілген шаршы алаңда 75 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл жанкүйерлердің үмітін ақтады. Жарақатына байланысты біршама уақыт рингтен алыстаған Әбілхан тынымсыз еңбектің арқасында өзінің нағыз спорттық бабына енгенін байқатты. Ол бірінші жекпе-жекте Оңтүстік Корея елінің үкілі үміті Ким Жинді ойқастап жүріп, еркін ұтты. Тіпті екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп те үлгерді.
Ширек финалға ширақ қимылымен шыққан Әбілхан Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте өзбекстандық былғары қолғап шебері Фанат Кахрамоновпен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда өзінің шын мықты екенін дәлелдеген жерлесіміз қарсыласынан айласын асырып, төртжылдықтың басты додасының жолдамасын қалтаға салды.
Әбілханның Токио Олимпиадасына алған жолдамасы құтты болсын! Жеңісті күндерде кездесейік!

Табиғат Абаилдаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support