- Advertisement -

Ойық ауылындағы ізгі бастама

70

- Advertisement -

оның түйіні «ішімдіксіз, бұзақысыз және отбасылары берік ауылға айналамыз» дегенге келіп саяды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау аясында өткен жылы «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форум өткені белгілі. Форумда қозғалған ізгі бастамалар әр ауданнан қолдау тауып жатқаны қуантады. Соның бір көрінісі – Талас аудандық билер кеңесінің Ойық ауылының ардагерлері, билерімен кездесуі. Жиында саламатты өмір салтын орнықтыру жолы сараланды.
Ә.Тәжімбетов атындағы Мәдениет үйінде өткен жиынды Ойық ауылдық округінің әкімі Медет Үрістемов ашып, салауатты өмір салтын орнықтыру, ізгілік жолына ұмтылудың аса маңызды екеніне тоқталды. Ауылдық билер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы баяндама жасап, аталған ауылда соңғы жылдары қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері күрт азайғаны, ұрлықтың тыйылғаны туралы ой сабақтады.
Бұл ауылда жас отбасылардың ажырасу фактісі де кездеспейді екен. Тағы бір атап өтетіні, кісісі қайтыс болған үйге аста-төк, шектен тыс мол дастарқан жаю үрдісі де тыйыла бастапты. Алайда ащы суға үйірлеу болып, дүкен жағалап жүретін кісілердің бар екені де жасырын қалған жоқ. Осы мәселемен күресу жолдары да айтылды. Ауылдық билер кеңесінің мүшесі Төкен Атамқұлов ішімдіктің абырой әпермейтінін айта келіп, оны дүкенде сатуға байланысты бір шара қолдану керек деген ойды қозғаса, ауыл тұрғыны Оралхан Көрпебаев «Ішімдіксіз, бұзақылықсыз ауыл боламыз» деп, осы бастамаға өзі де қосылатынын жеткізді. Ш.Смаханұлы атындағы мектептің директоры Бағила Рахымбердиева жасөспірімдер мәселесі үнемі назарда болуы тиіс десе, Сейілбек ауылының тұрғыны Рахымжан Жолдыбаев аға буынның үлкенді сыйлап, ақсақалды тыңдап, кішіге ізет көрсетіп жүруінің өзі жас ұрпаққа көрсетер өнеге екенін сөз етті. Жиында елдік, бірлік, ынтымақ туралы сөз қозғалды. Іс-шараға қатысушылар «Ішімдіксіз, бұзақысыз және отбасылары берік ауылға айналамыз» деген бәтуа жасасып, бірауыздан келісімге келді.
Жиын соңында аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы бірқатар кісілерге «Кәсіби емес медиатор – би» деген куәлікті табыс етті. Біз де Ойық ауылының бұрыннан тарихы өнегелі, өркендеген жер екенін ойға түйіп, «Үлгілі ауыл» атанатынына сеніп, аттандық.

Талғат Жұмабек,
аудандық билер кеңесінің мүшесі.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support