- Advertisement -

Жол жаққа қараймын…

95

- Advertisement -

Аудан орталығына жақын орналасса да Көктөбе ауылының тұрғындары әлі күнге жол азабын тартып келеді. Жыл сайын ауыл, аудан әкімдерінің жергілікті тұрғындармен есеп беру жиындарында айтылып жүргенімен, мәселеміз өз шешімін таппай-ақ қойды. Сондықтан базынамызды құзырлы мекемелердің басшыларына облыстық «Ақ жол» газеті арқылы жеткізуді жөн санадық.
Нақтырақ айтсақ, Көкбастау ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылының Жамбыл көшесіндегі жолдың тозығы жеткен. Небәрі 2-ақ шақырым жолдың осыған дейін шешімін таппай келе жатқаны жергілікті басшыларға сын! Бұл жол салынғаннан бері, сонау кеңестік кезеңнен қараусыз қалып, бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Әсіресе қыс, көктем айларында ойдым-ойдымы шығатын жолдың кесірі көліктердің жүруіне тежеу болып, олар жиі сынып, дөңгелектерін жамаумен келеміз. Жауын-шашынды күндері, көктем мен күз мезгілінде тұрғындар лай-батпаққа батып, әбден әуре-сарсаңға түссе, жаз айларында өріске шыққан малдың көлікпен жағаласып жүрген кезінде көтерілген шаң жүргізушіге де, жүргіншіге де қиындық туғызады. Қас қарайғанда мектептен қайтатын оқушылар да батпаққа шыланып келеді.
Былтыр жол жөндейтін техникалардың күшімен қара жолдың бетін сырып, топырақ аралас қиыршық тас төселді. Мұны көрген көше тұрғындары «Жолымызды асфальттайтын болды» деп қуанып қалған еді. Алайда артынша асфальт төселмейтінін естігенде, қуаныштары су сепкендей басылды. Тұрғындар қара жолды қопарып, үстіне шағал төсеп қойғанын түсіне алмай дал. Өйткені төккен шағал жолдың әр жерінде төмпешік болып қатып, одан сайын жүруді қиындатты.
Сондықтан осындай жол азабын тартқан көше тұрғындары небәрі 2 шақырым жолға асфальт төсеп берсе деген назын айтып, жауапты тұлғалар мәселемізді шешіп берсе деген ниетте.

Өтініш-хатты жазған
Жамбыл көшесінің
тұрғындары атынан
Ораз КӨПБАЕВ,
Асқар БЕКБОЛАТОВ,
Ерлан ӘБІХАЕВ.

Көктөбе ауылы,
Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support