- Advertisement -

Жаңа медаль тағайындалды

56

- Advertisement -

Жаңа медаль тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен ел Конс­титу­циясының 25 жылды­ғы құр­метіне арналған мере­ке­лік медаль тағайын­далды.

Президент өз Жарлығында аталған медальдың Консти­туцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның конс­ти­туциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және аза­­маттың конституциялық құ­қық­тары мен бос­тандықтарын қорғауға елеулі үлес қос­қан Қа­­зақстан азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақса­тында тағайындалғанын атап өтті.

Сонымен қатар Жарлықта Қазақстан Конституциясының 25 жыл­­дығы құрметі­не мерекелік ме­дальді та­ғайындау, оны­мен наградтау қағи­далары, медальдің сипат­тамасы қоса бе­рілді. Медальмен наград­тау қағида­ларында оны беру туралы ұсы­ныстарды Мемлекет басшысына Пар­ламент палаталарының, өзге де мем­­лекеттік органдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыс әкімдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің енгізе алатыны айтылған.

aikyn.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support