- Advertisement -

«Тараз» жаңа маусымға дайындықты күшейт ті

60

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымына дайындықты пысықтап жатқан «Тараз» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бірқатар жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Әрине, жолдастық кездесулердегі нәтижелерге қарап, команданың ойынына нақты баға беруге болмайтыны белгілі. Өйткені жаттығу барысында кез келген ұжым түрлі тәсілдерді жетілдіруге тырысатыны рас.
«Тараз» футболшылары бірінші ойында босниялық «Челик» футбол клубына қарсы жасыл алаңға шықты. Кездесу барысында қос команда футболшылары да әдемі шабуылдар ұйымдастырып бақты. Алайда бірінші болып «Тараз» футболшылары ойдағы нәтижеге қол жеткізді. Бірінші кезеңнің орта тұсында «Тараз» командасының футболшысы Бекзат Шадыманов мергендігімен көзге түсіп, командасын жеңіске жетеледі. Алайда үзіліске аз ғана уақыт қалған сәтте «Челик» ойыншысы Эрмин Хусейнбашич таразы басын теңестіріп кетті. Бірақ бұл нәтиже көп уақыт өтпестен өзгеріске ұшырады. Кездесудің екінші бөлігінде «Тараз» футбол клубының қатарында жасыл алаңға шыққан Аюб Бацуев (кейіннен келісімшарт жасасты) бір гол соғып, команданың 2:1 есебімен жеңіске жетуіне өз үлесін қосты.
Оқу-жаттығу жиыны барысында «Тараз» футбол клубы румыниялық «Дунеря Кэлэраши» командасына және Ресейдің «Ска-Хабаровск» футбол клубына бір доп айырмасымен есе жіберіп алды. Жалпы, осынау кездесулерде біздің команданың жетекшілері ойыншылардың спорттық бабын тексергені сөзсіз. Қай футболшы алаңның қай бұрышында өзін жақсы қырынан көрсеткенін бапкерлік құрам қойын дәптерге түртіп те алған болар.
Бұл оқу-жаттығу жиыны кезінде «Тараз» футбол клубының жетекшілері жолдастық кездесулер өткізіп, дайындықты пысықтап қана қоймай, команда құрамына бірқатар жаңа ойыншыларды қосты. Ресейлік жартылай қорғаушы Аюб Бацуев «Ахмат» командасынан «Таразға» ауысса, ресейлік «Мордовия» командасының қатарында болған белоруссиялық қорғаушы Валерий Карашкевич те «Тараз» жейдесін киді. Сонымен қатар черногориялық қорғаушы Деян Больевич те «Тараздың» сапында доп тебетін болды. Бұған дейін сербиялық шабуылшы Братислав Пуношевац, черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович, литвалық жартылай қорғаушы Овидиюс Вербицкас «Таразбен» келісімшарт жасасқан болатын.
«Тараз» футбол клубының қатарын толықтырған жаңа ойыншылардың әлеуеті қай деңгейде екенін көретін күн алыс емес. Футболдан премьер-лиганың кезекті маусымы наурыз айында басталады.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support