Ливиядағы Халықтық парламент үкіметі Түркиямен қарым-қатынасты үзді

Ливияның шығысын бақылап отырған Халықтық парламент үкіметі Түркиямен қарым-қатынасты үзді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған Анкараның Ливияның батысындағы Фаиз Саррадж бастаған Ұлттық келісім үкіметіне әскери көмек беру туралы уағдаластығы себеп. Осыған байланысты Шығыстағы парламент фельдмаршал Халифа Хафтарға сыртқы күштерге тойтарыс беруді бұйырды. Айта кетейік, Ливияда 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен құлатылған соң қос үкімет орнаған. Елдің батысын БҰҰ мен Еуроодақтың қолдауымен құрылған Фаиз Саррадж үкіметі басқарады. Ал Шығысы Халифа Хафтар әскеріне сүйенген халықтық парламент бақылауында.

 24.kz

Comments are closed.