- Advertisement -

Әбжылан Арбаған ауған

233

- Advertisement -

Орта бойлы, тарамыстай арық, кішкене өткір көзді, түсі суық қара сұр жігіт ағасы­ның азан шақырып қойған аты – Ауған. Өткен ғасырдың отызыншы жылының басында әкесі Байзақ аса дәулетті әрі Кеңес өкіметіне қарсы қауіпті адам деп танылып, НКВД-нің қуғын-сүргініне ұшыраған. Абақтыға түсу қаупі төнгеннен кейін жан сақтау үшін отбасын алып Ауғанстан жеріне өтіп кетіпті. Термез түбінде ойдан-қырдан баспаналап қашып келген біраз қазақтар тұратын қыстақ бар екен. Байзақ отбасы осы қыстақтан орын тебеді. Өлмес қамы үшін ең ауыр жұмыстарға жегіледі. Бұрын мыңғыртып мал айдаған бұл адамдар енді Ауған байларының малын бағып, отымен кіріп, күлімен шығады. Ең жақсысы, аш-жалаңаш жүрсе де, Ауған үкіметі де, халқы да қазақ қашқындарға ешбір қысым жасамаған. Көмек те берме­ген. Бірақ даланың аңы сияқты өз несібесін теріп жеп, еркін өмір сүруіне мүмкіндік берген. Олар осы болмашы бақытқа риза болыпты.

Жеңіс ШЫНЫБЕКОВ.

Ұлы Отан соғысы басталған жылдың қоңыр күзінде Байзақ отбасында қара бала дүниеге келеді. Қыстақ адамдары жиналып келіп оның атын Ауған қояды. Бала жасынан ширақ, алғыр, өмірге бейім, пысық болып өседі. Барлық ауған балалары сияқты ол да шариғатқа тілі келгеннен бастап Құран оқып, намазға жығылады. Термезде, одан кейін Қабылдағы (Кабул) медреселерде оқып, араб, парсы, тәжік тілдерін меңгереді. Баланың ерекше қабілетін таныған медресе ұстазы Әбу әл-Хайт ишан мұны өз қаржысымен Иран­дағы Мешхед қаласындағы жоғары діни мектепке жібереді. Ауған Мешхедте ірі дін өкілдерінен дәріс алады. Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Жәми, Хайям шығармаларын түпнұсқадан оқиды. Ол осында оқып жүріп тылсым дүние құпиясын ашу, жан-жануар­лармен тілдесу ғылымына ден қояды. Қазір гипноз, йог, магия, көріпкел, әулиелік деп аталатын құпиясы көп ғылым ол кезде парсы елдерінде таңсық емес екен. Медре­селерде арнайы дәріс ретінде оқытқан. Ауған да осы мектептен өткен.
– Сабақтан тыс кезде, – деп еске алады Ауған, – шәкірттеріне тәжірибе беру үшін ұстаздар оларды тобымен Мешхедтің орталық хан базарына алып барады. Мұнда жылан арбаушы арабтар, қарақұрт түсіруші тәжіктер, ауруды шөппен емдейтін құшы­наш парсылар, адамды есінен ауыстыратын немесе есі ауысқан адамды емдеп жазатын бағдаттық бақсы-балгерлер, дуагерлер, от шайнап, сала құлаш аспаһани семсерді тұтас жұтып қоятын сиқыршы сирия­лықтар құрттай құжынап жүреді. Олардың әрқайсысы тұтас бір әлем, жұмбағы көп ғылым еді. Шәкірттер осылардан сабақ алып, оны тәжірибеде жүзеге асыруға тиіс болатын. Мені жылан арбаушылар мен қарақұрт түсірушілер қызықтырды. Арыс­тан, қасқыр, түлкі, қабылан сияқты жыртқыш аңдардың жағын қарыстырып байлауды сонда үйрендім.

Осыны айтқан ол жыланды босағада тұрған үстел үстіне жіберіп еді, анау ирелеңдеп қаша жөнелмей, үстелдің дәл ортасына барып, шиырылып жатты. Ауған оған еңкейіп бірдеңе деп күбірлегендей болып еді, жылан басын қақшаң еткізіп көтеріп алып ысылдай ысқырды. Өзі тура Сейділдаға қарап тұрған сияқты.

Бірде Капча деген аса қатерлі жылан­мен арбасқан араб жанкештісінің анаған дуасының күші жетпей, демі таусылып, табанда өліп кеткенін көрдім. Жыланмен арбасатын тоқсан тоғыз дұға болады. Әр түрлі жыланға әртүрлі дұға әсер етеді. Оны да дәл табу керек. Таппасаң не өлесің, не өмір бақи мүгедек болып қаласың. Әлгі Капча деген жылан – ең күрделісі, ең қауіптісі. Бұл жақта «Саперлер бір-ақ рет қателеседі» деген сөз бар екен. Капчамен арбасқандар да солай. Оны арбап, жеңген адам базардан бір есекке жүк болатын алтын алып қайтады. Қалған өмірі – өзі салдырған кең сарайда, сұлу кәнизәк­тердің аялауында өтеді. Бірақ ондай бай­лыққа, бақытқа жететіндер жүзден біреу-ақ. Сондықтан Капчамен арбасуға өзіне-өзі сенімді, білімі терең адам ғана тәуекел ете алады. Бұл арбасуда не адам, не жылан өледі.
Ұстаздар шәкірттеріне Капчамен арбасуға рұқсат етпейді. Алдымен кәдімгі кез келген жерде көрініп жүре беретін жабайы, әлсіз жыландармен арбастырып, сынақтан өткізеді. Мен ақша табу үшін ұстаздан жасырынып барып Штурмор деп аталатын жыланмен арбасып жүрдім. Жуандығы жеңді білектей, ұзындығы бақандай бұл қорқынышты аждаһа алып денесіне қарамай, дұғаға тез бой алдыратын қопал болатын. Дұға бойына дарыған кезде аждаһа басын кісі бойындай биікке көтеріп алады да, сынған талдай гүрс құлайды. Ол үстіне құлаған есектің белі үзіліп кеткені бар.
Жақын қыстақтарға барып шаруалар­дың малын қырып тастаған қасқырлардың жағын байлап та күнкөрістік қаржы тауып жүрдім. Бірақ оларды он күннен кейін дұғадан босату керек. Шарты солай. Кейін елге оралғанда бұл мамандықтың ешкімге керегі болмай қалды. Бір-ақ рет баланы талап тастаған құтырған иттің жағын байладым. Ол үш күннен кейін өлді.
Алпысыншы жылдары Ауған Байзақ­ұлы кәрі әке-шешесімен, жас келіншегімен шекарадан жасырын Тәжікстанға өтіп, одан кейін Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы туыстарына келіп қосылады.
Алғашқыда Жайылма ауылында қой бақты. Әкесі қайтыс болғаннан кейін құрылысшы болды. Ауғанның соңынан сиқыршы, дуагер, көзбояу­шы деген бұл елге жат, қорқынышты қауесет сөздер ере келді. Сол кезде қасында жүріп, оның кереметтеріне куә болғандар «Ауған пәленшенің жиырма жыл бедеулікте жүрген әйеліне ішірткі жазып беріп, бала көтертті. Түген­шенің күйеуін, бес баласын тастап ашынасымен қашып кеткен бұзылған әйелін дұғамен үйіне қайтарды. Көп уақыт елді сарсаңға салып, малына құйындай тиген кәз­зәп ұрыны дөп басып ұстап берді» деп таң­ғала әңгіме шертіп оты­рады.
Ауғанның діни терең білім­ділігін облыстың бас имамы, қари, қазіреттері, ірі молдалары мойындаған. Ол оқыған Құранның жан-дү­ниені баурап алатын сазды, мұңды әуені, бұрын бұл аймақта кездеспеген әдемі, әсерлі мақамы үлкен-кішіні еріксіз ұйытып, мүлгітіп тыңдатады. Шариғатты шебер тілмен нәшіне келтіре айтқанда тыңдаушылардың көзіне жас үйіріледі. Оның есімі КГБ-ға да мәлім болған. Кеңес Одағы құлағанша оның қызметкерлері ауылға ай сайын келіп Ауғанды тексеріп тұрды. Облыс орталы­ғына әкеткенде «Ауған шетелдің шпионы екен, ұсталып, қамалыпты» деген де хабар келіп тұратын. Бір апта өтпей, мұздай киінген Ауған ауылға ыржиып күліп келіп тұрады. Ол жақта не болды, кіммен сөй­лесті, оны ешуақытта тіс жарып айтпайтын.
Осы жолдардың авторы Ауғанмен жақын туыс, ұзақ жыл табақтас, дос болғандықтан, оңашада оның көптеген құпияларын білуге құмартып, сұрақтар қояды. Бірақ Ауған шын сырларын өмірі жайып салған емес. Өзіміз көзбен көріп, куә болған мына бір оқиғаны баяндай кетпекпіз.

Жақын қыстақтарға барып шаруалар­дың малын қырып тастаған қасқырлардың жағын байлап та күнкөрістік қаржы тауып жүрдім. Бірақ оларды он күннен кейін дұғадан босату керек. Шарты солай. Кейін елге оралғанда бұл мамандықтың ешкімге керегі болмай қалды. Бір-ақ рет баланы талап тастаған құтырған иттің жағын байладым. Ол үш күннен кейін өлді.

Төменгі Шу бойындағы ұлы абыз Ықылас атаның қыстауының қасында Тербетбай деп аталатын ферма орталығы бар. Совхоздың «мұртты Серік» атанып кеткен комсомол комитетінің хатшысы Серік басқарып келген құрылыс бригада­сының он екі мүшесі малшы үйлері мен мал қораларын салып жатыр. Орталыққа құрылыс материалдарын әкелуге кеткен «Катюша» Сабырбай бес күн бойы хабарсыз жатыр. (Сабырбай соғыс кезінде атақты Катюша орнатылған машинаны айдаған екен, ел содан солай атап кеткен). Жұмыссыз жатқан жас құрылысшылар зерігіп, іштері пысып, алысып-жұлысып ойнайды. Кешкі ермектері – Сейділдаға домбыра тартқызып, күй тыңдау. Сейділда – Ықыластың ұлы Түсіпбектен қобыз үйренген шәкірті Сағынтайдың баласы. Ана жылдары концерттік сапармен ауылға келген ұлы күйші Жаппас Қаламбаев Сағынтайға күй тартқызып, ақыры қоярда-қоймай Алматыға алып кеткен болатын. Бірақ жасы біразға келіп қалған Сағынтай қала өміріне шыдай алмай, алты айдан соң ауылға қашып келген. Сейділда – әкесіндей дәулескер күйші болмаса да облысқа танылып қалған қобызшы һәм домбырашы.
Құрылысшылар ауыл шетіндегі оңаша үйде жатады. Шам жамыраған шақ. Әзір ұйқы келер емес. Жігіттер шуласып, Сейділдаға өтініш айтып жатыр.
– Секе, «Серперді» тартшы?
– «Кісен ашқан», «Саранжап»?
– «Қызыл қайың», «Сарыарқа»?
Жайшылықта өмірі жанынан домбы­расын тастамайтын Сейділда олардың тілегін орындап, күй тартып, құлақ құры­шын қандыратын. Бүгін көңіл күйі болмай отыр ма, өзінен-өзі қырыстанып, тырысып отыр.
– Менің бүгін туған күнім еді. Маған арнап, бір күй тартшы, – деген Ауғанға алара қарап, талағы тарс кетті.
– Арнау күй тартатын сен кім едің? Ауған молда, Ауған керемет дегенге мастанып, қарын шашың өсейін деген екен, – деді.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, дау осыдан басталып, аяғы боқтасуға, жұдырық ала жүгіруге ұласты. Салғыласудың бір кезеңінде Сейділда:
– Сен сұмдық болсаң, кереметіңді маған көрсетші, – деді. – Сен елді алдап жүрген алаяқ, қусың. Қолыңнан боқ та келмейді. Сиқыршы, дуагер деген сөздің бәрі өтірік.
Мына сөзді естіген Ауған нарттай қызарып кетті. Сөйтті де, алқын-жұлқын тысқа шығып кетті. Аз уақыттан соң үйге кіріп келгенде оның қолында ширатылып, бұлқынған сала құлаш тірі жылан тұр еді. Шықшыты жал­пақ, жылқыны шаққанда сеспей қатыратын, улы, қарашұбар құм жыланы. Мұны көрген құрылысшы жігіттер дүр етіп, төрге қарай үркіп тығылды.
– Сендер қорықпаңдар, – деді Ауған жігіттерге, – сендерге тиіспейді. Бұл үлкенді сыйламайтын, Сейділдаға ғана қауіпті. Жаңа бұл менің жер-жебіріме жетіп, денемді, адамгершілігімді ластады. Жала жауып, намысыма тиді. Соған кереметтің бір ұшығын көрсетейін деп едім. Ал Сейділда, домбыраңды қолға ал да, күй тарт! Қазіргі тындаушың мына – әбжылан. Осы қой деген кезде ғана қоясың.
Зәресі кеткен Сейділда қолдары қалтырап, домбырасын алып, басы жоқ, аяғы жоқ бірдеңелерді даңғырлата бастады.
– Орныңа жайғасып отырып, дұрыстап тарт! – деді Ауған. – Қате тартсаң, жылан жақтырмайды.
Осыны айтқан ол жыланды босағада тұрған үстел үстіне жіберіп еді, анау ирелеңдеп қаша жөнелмей, үстелдің дәл ортасына барып, шиырылып жатты. Ауған оған еңкейіп бірдеңе деп күбірлегендей болып еді, жылан басын қақшаң еткізіп көтеріп алып ысылдай ысқырды. Өзі тура Сейділдаға қарап тұрған сияқты.
Мына сұмдық көріністен есі шыға қорыққан күйші аз-кем тыныстағаннан кейін өзіне-өзі келіп, домбырасын күмбір­лете жөнелді. Ықылассыз тыңдаушылар мен ықтиярсыз орындаушы уақыттан жаңылған. Таңның қай мезгіл болғанын білмейді. Сейділда қанша күй тартты, ол есінде жоқ. Екі иығы ауыр жүк артқандай салдырап қалған. Саусақтарынан жан кеткен. Анық білетіні, бұл күйді аяқтап, аз тыныстайын десе, жылан басын қарыс бойы көтеріп алып, ысқырып қоя береді. Күй басталысымен, иірілген денесіне басын қойып, тыныш жатады. Қасындағы орын­дықта жыландай қақшиып Ауған отыр. Тарт деп айтпайды. Сейділдаға ысқырып, әмірін жүргізіп отырған – әбжылан.
Домбыра домбыра болып, жан жадыра­тар күй төккелі бері ең ықылассыз тыңдау­шылар осы құрылысшылар шығар. Олар­дың назары күйден гөрі, жыланға ауған. Соған арбалғандай, өте ыңғайсыз жағдайда отыр. Өздерінің осы халіне енді-енді үйрене бастаған сияқты. Кештен бергі тыныш­тықты «мұртты Серік» бұзды.
– Ауке, Сейділда жазасын алды ғой. Енді кешірім жасап, оны азат ет, – деді. – Кешір оны.
– Өзі неге кешірім сұрамайды? – деді Ауған. Ашуы әлі басылмаған сыңайлы, үні әбжыланның ысылындай болып естілді.
– Ауке, Ауке, аға, – деді Сейділда жыларман дауыспен. – Бір қателік өтті, кешір, кешір.
– Кешіріңіз, Ауке! – десті жас құры­лысшылар.
Бұдан әрі жігіттердің төзімін тауыс­қысы келмеген Ауған:
– Жарайды, көпшіліктің айтқанын орындаймын, – деді. Сөйтті де, жалаңаш білегін созып еді, жылан оған шапшаң орала кетті. Ол асыға басып, тысқа шығып кеткенде бәрі терең күрсініп, демдерін бір-ақ алды.
Бұл түні ешкім ұйықтаған жоқ. Көзбен көрмесе сенбейтін оқиғаның куәсі болған жігіттер таңданып, дабырласып отырып таңды атырды. Тек Ауған ғана іргеге барып, теріс қарап жатып қалды. Оның ұйық­таған-ұйықтамағаны белгісіз еді…

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support